Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлерін марапаттады
5 желтоқсан, 2025
akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларына қатысқан кәсіпкерлердің барлығына алғыс айтып, лауреаттарды марапаттады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Шағын және орта бизнес субъектілері арасында «Парыз» сыйлығы Солтүстік Қазақстан облысының «Ақ-Ниет-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне табысталды. Ал ірі бизнес өкілдері ішінен Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясы лайық деп танылды.

«Алтын сапа» сыйлығына «Үздік индустриалдық жоба» аталымы бойынша «Karlskrona LC AB» (Шымкент қаласы), «Үздік инновациялық жоба» аталымы бойынша «AG TECH» (Астана қаласы) компаниялары ие болды.

Бұған дейін Президент «Мейірім» орденін тағайындау туралы шешім қабылдағанын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
Тоқаев: Бұл Конституция елімізді ілгерілетініне ешқандай күмәнім жоқ
15 наурыз, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
13 наурыз, 2026
Президент биатлоншы Ербол Хамитовты Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады
13 наурыз, 2026
Мемлекет басшысының өкімімен бірқатар лауазымды тұлғалар тағайындалды