Отандық ғалымдар сары май мен өсімдік майы негізінде жаңа спред жасап шығарды

21 қыркүйек, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Отандық ғалымдар сары май мен өсімдік майы негізінде жаңа спред жасап шығарды
Фото: АШМ

Қазақстандық ғалымдар сары май - өсімдік майы негізіндегі спред рецептурасын әзірледі. Оның ерекшелігі – Омега-3 пен Омега-6 полиқанықпаған май қышқылдарының арақатынасын 1:5 деңгейінде қамтамасыз ететін сүт майы, рапс және зығыр майының үйлесімінде болып отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өнімдегі майдың массалық үлесі 72,5%-ды құрайды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, өнімнің сіңімділігі 97–98%. Спредте қаныққан майлар мен холестерин мөлшері төмен. Өнім 10-нан 30 °С-қа дейінгі температурада өзінің жұмсақ әрі жағылу қасиетін сақтайды.

Рецептурада отандық шикізатты — сүт майын, рапс және зығыр майларын пайдалану көзделген. Технологияны май-тоңмай өнеркәсібі кәсіпорындарының қолданыстағы өндірістік желілеріне интеграциялауға болады.

Әзірленген рецептура мен технологиялық режимдер негізінде технологиялық құжаттама әзірленді.

«W-баланс» спреді функционалдық және диеталық тағам өнімдерін өндіруге арналған. Сонымен қатар оны санаторийлік-курорттық және емдік-профилактикалық тамақтануға арналған өнімдерде, сондай-ақ Healthy Food сегментінде пайдалануға болады», - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін елімізде сары май өндірісі шамамен 50% артқаны туралы жаздық.