Жеті жыл ішінде Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері қалай өзгерді

21 қыркүйек, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Жеті жыл ішінде Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері қалай өзгерді
Фото: ЖИ

Қазақстанда 2019 және 2026 жылдардың алғашқы тоқсандарындағы негізгі экономикалық көрсеткіштер салыстырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Осы кезеңде жан басына шаққандағы ЖІӨ, халықаралық резервтер мен ең төменгі зейнетақы өсті, ал таза сыртқы қарыз төмендеді.

Жан басына шаққандағы ЖІӨ теңгемен 715,5 мыңнан 1 млн 661,6 мың теңгеге дейін 2,3 есеге өсті.

Зейнетақының ең төменгі мөлшері 2019 жылдың бірінші тоқсанында 36 108 теңгеден 2026 жылдың бірінші тоқсанында 69 049 теңгеге дейін ұлғайды. Өсім 1,9 есені құрады.