Астаналық балуан Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды
27 ақпан, 2026
Фото: uww.org
Албанияда күрес түрлерінен өтіп жатқан рейтингтік турнирде ел намысын қорғаған елордалық балуан Ризабек Айтмұхан (-97 кг) қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан үшінші орын үшін белдесуде Үндістан өкілі Джойнти Кумармен кездесіп, айқын басымдықпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ол қарсыласын небәрі 23 секундтың ішінде 10:0 есебімен ұтып, турнирдің қола медалін иеленді.
Осыған дейін жартылай финалда Ризабек ресейлік спортшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы және бес дүркін әлем чемпионы Абдулрашид Садулаевқа 3:14 есебімен есе жіберген еді.
Еске салсақ, бұған дейін Болат Сақаев та Албанияда қола медаль жеңіп алған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
28 сәуір, 2026
Елордалық оқушы Еуропалық математикалық олимпиадада жеңімпаз атанды
28 сәуір, 2026
Астаналық оқушы әр қазақстандықтың қанша су тұтынатынын есептейтін платформа әзірледі
27 сәуір, 2026
Астаналық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионатта топ жарды
27 сәуір, 2026
Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды