Балуан Болат Сақаев Албанияда қола медаль жеңіп алды

Бүгін, 12:25
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Балуан Болат Сақаев Албанияда қола медаль жеңіп алды
Фото: uww.org

Қазақстан құрамасы еркін күрестен Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

86 келіге дейінгі салмақта Болат Сақаев жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Ол жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Грекия спортшысы Георгиос Куюмцидиске есе жіберді.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде Болат Сақаев түрікменстандық Алп Арслан Бегенджовтан басым түсті.