Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі төрт айға жабылады
23 сәуір, 2026
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада «Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында көшелерді салу» жобасын іске асыру аясында 26 сәуір мен 1 қыркүйек аралығында Syganaq бизнес орталығы мен «Ишим» ТК арасындағы қозғалыс толықтай жабылатын болады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Аталған кезеңде инженерлік желілерді жүргізе отырып, көше құрылысы жұмыстары орындалады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттағыштар орнатылады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, елордада Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылды.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
WTT Star Contender Astana 2026 – President’s Cup-тың алғашқы жеңімпаздары анықталды
20 қыркүйек, 2026
Астанада санитария-эпидемиология қызметінің өкілдері марапатталды
20 қыркүйек, 2026
Жексенбіде Астанада ауа райы қандай болады
19 қыркүйек, 2026
Астанада спортшылар мен жаттықтырушылар экологиялық акцияға қатысып, спорт кешендердің аумағын тазартты