Қазақстан нысана көздеуден екі алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 19:03
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан нысана көздеуден екі алтын медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Мысырдың Каир қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасында әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Жарыс аясында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды.

50 метрден мылтықпен жатып ату сайысында Олег Носков топ жарды. 

Сондай-ақ 25 метрден тапаншамен атудан Кирилл Цуканов жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Әлем кубогының кезеңі 27 сәуірге дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ауқымды спорт фестивалі өтеді.