00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қазақстанда полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

31 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Қазақстанда полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Ішкі істер министрі қызметкерлерге қоғамдық тәртіпті қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

«Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Осы мереке күндері біздің азаматтар отбасымен және жақындарымен демалады. Сондықтан сіздер қоғамдық қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз етіп, «заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыруға тиіссіздер», – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Министр өңірлерде гарнизондық жиындар өткізу туралы тапсырма берді.

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді, мерекелік шаралар өтетін орындарға нарядтардың жақын орналасуын, орталық алаңдарды, адам көп жиналатын жерлерді, отшашуға арналған орындарды бақылауда ұстауды тапсырамын. Жедел басқару орталығы тәулік бойы визуалды бақылауды қамтамасыз етіп, кез келген оқиғаға жедел ден қоюы қажет», – деді ол.

Айта кетейік, жаңа жыл түні 32 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері кезекшілікке шығады. Олардың 12 мыңы мерекелік шаралар өтетін орындарға жақын жерде болады.