Референдум-2026

Әуе компаниясы Астана мен Қазақстанның бірқатар қалалары арасындағы рейстер жиілігін арттырады

Бүгін, 08:53
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Әуе компаниясы Астана мен Қазақстанның бірқатар қалалары арасындағы рейстер жиілігін арттырады
Фото: FlyArystan әуе компаниясы

Жазғы демалыс кезеңінде әуе тасымалына сұраныстың жоғары болуына байланысты FlyArystan Астанадан және Астанаға орындалатын рейстер бағдарламасын кеңейтеді деп хабарлайды Elordainfo.kz FlyArystan баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шілде және тамыз айларында әуе компаниясы Астана – Алматы – Астана, Астана – Шымкент – Астана және Астана – Түркістан – Астана бағыттары бойынша қосымша рейстерді іске қосады.

Астана – Алматы – Астана бағыты бойынша қосымша рейстер 2 шілдеден 28 тамызға дейін орындалады. Рейстер сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және сенбі күндеріне жоспарланған.

Астана – Шымкент – Астана бағыты бойынша әуекомпания 16 шілдеден 29 тамызға дейін қосымша рейстерді бейсенбі және сенбі күндері орындайды.

Сонымен қатар, 5–26 тамыз аралығында FlyArystan Астана – Түркістан – Астана бағыты бойынша сәрсенбі күндері қосымша рейстерді іске қосады.

Жалпы алғанда, 2026 жылғы 2 шілде мен 29 тамыз аралығында FlyArystan үш ішкі бағыт бойынша 84 қосымша рейс орындайды.

Билеттер қазірдің өзінде www.flyarystan.com ресми сайтында, FlyArystan мобильді қосымшасында және басқа да сату арналары арқылы қолжетімді. Әуекомпания стандартты тариф құнына салмағы 7 кг-ға дейінгі және өлшемі 56 × 23 × 36 см болатын бір дана қол жүгін алып жүру кіретінін еске салады.