Референдум-2026

ЖИ және цифрлық даму министрлігінде ұшақтарда интернетті іске қосу мәселесі талқыланды

Бүгін, 11:31
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
ЖИ және цифрлық даму министрлігінде ұшақтарда интернетті іске қосу мәселесі талқыланды
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Air Astana және Viasat компанияларының өкілдерімен әуе кемелерінің бортында спутниктік интернетті енгізу мәселелеріне арналған кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында тараптар жолаушыларды ұшу кезінде жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жобасын іске асыру перспективаларын талқылап, сондай-ақ әуе кемелерін спутниктік байланыс жүйелеріне қосуға қатысты құқықтық, техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерді қарастырды.

Негізгі назар нормативтік-құқықтық реттеу мәселелеріне, әуе кемелерінің бортында байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі халықаралық тәжірибеге және жобаны іске асыру бойынша алдағы қадамдарды үйлестіруге аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады және бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті. Air Astana әуе кемелерінде аталған технологияны пилоттық режимде сынақтан өткізу ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін елдегі электр жүйесін басқаруға ЖИ агенттері тартылғаны туралы жаздық.