Референдум-2026

Жаңа Конституция білім, ғылым және инновацияны Қазақстан дамуының негізі ретінде бекітті

Жаңа Конституция білім, ғылым және инновацияны Қазақстан дамуының негізі ретінде бекітті
Фото: Ақорда

Қазақстанның жаңа Конституциясында білім, ғылым, инновация және білім беру саласы ел дамуының негізгі бағыттары ретінде айқындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz

Жаңа Конституцияда бұл салалардың Қазақстанның болашағын қалыптастырудағы, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы және адами капиталды дамытудағы айрықша рөлі бекітілген.

Сонымен қатар Негізгі заңда қоршаған ортаға ұқыпты қарау және оны қорғау әрбір азаматтың жауапкершілігі әрі маңызды қоғамдық құндылық ретінде белгіленген.

Конституция – заңдар жиынтығы ғана емес, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың негізін қалайтын құндылықтар жүйесінің іргетасы.