152 млн теңге залал: мердігер «Нұрлы жер» бағдарламасына бөлінген қаржыны жымқырған

Бүгін, 10:19
Нұрдәулет Кәкіш Нұрдәулет Кәкіш
views47
152 млн теңге залал: мердігер «Нұрлы жер» бағдарламасына бөлінген қаржыны жымқырған
Фото: видеодан скриншот

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті әлеуметтік осал топтардың тұрғын үй кезегін қысқартуға бағытталған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджеттік қаржыны жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Тергеу барысында мердігердің 152 млн теңге жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылы «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «НИКС Инжиниринг Групп ИВ» ЖШС арасында құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу жұмыстарына 500 млн теңгеден аса сомаға келісімшарт жасалған.

Алайда мердігер 3 жыл бойы құрылыс бөлімі басшысының көмегімен іс жүзінде орындалмаған, көлемі мен құны өсірілген жалған қабылдау актілерін берген.

«Заңсыз әрекеттер салдарынан 152 млн теңге көлемінде зиян келтірілді. Сот санкциясымен күдіктілердің 100 млн теңгеден аса құны бар мүлікке қол қойылды. Мердігерге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді. ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.