Боксшы Назым Қызайбайға депутат болуға ұсыныс айтылды

Бүгін, 10:17
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views54
Боксшы Назым Қызайбайға депутат болуға ұсыныс айтылды
Фото: olympic.kz

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, ел тарихындағы ең танымал боксшы Назым Қызайбай әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жанкүйерлердің бірі спортшыдан «Боксты қойғасын депутат боласыз ба?» деп сұрады.

«Болашақта депутат боламын ба деген сұраққа айтарым – мен өз болашағымды спортпен байланыстырамын. Себебі мен спортты шын жүрегіммен жақсы көремін, ол – өмірімнің ажырамас бөлігі. Мен әрдайым жақсы білетін және жүрегіммен түсінетін іспен айналысқым келеді. Мен үшін саясаттан гөрі еңбегіммен, табандылығыммен және тәрбиеммен үлгі болу маңызды. Сондықтан өз саламда дамып, қоғамға пайдасы тиетін нағыз кәсіби маман болғым келеді», – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Назым Қызайбай – әйелдер арасындағы Қазақстан тарихындағы ең титулды боксшы. Оның еншісінде 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдесі және әлем чемпионатының үш алтыны бар.