ҚХЛ: «Барыс» бүгін «Трактор» командасымен кездеседі

Бүгін, 12:16
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views62
ҚХЛ: «Барыс» бүгін «Трактор» командасымен кездеседі
Фото: hcbarys.kz

«Барыс» клубы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Екі команда бұған дейін 57 мәрте кездескен. Оның 29-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында қарсылас команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 12 ұпаймен 17-орынға жайғасса, «Трактор» 14 ұпаймен 12-орында келеді.

Астаналық клуб бес ойынын елордада өткізеді. Алдымен 12 қазанда Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасын қабылдаса, одан кейін 14 қазанда «Сибирь» (Новосібір), 16 қазанда «Авангард» (Омбы), 18 қазанда «Ак барс» (Қазан), 24 қазанда «Амур» (Хабаровск) клубымен шеберлік байқасады.