Астаналық спортшы III ТМД елдері ойындарында қола жүлдегер атанды

Бүгін, 12:13
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views71
Астаналық спортшы III ТМД елдері ойындарында қола жүлдегер атанды
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Әзербайжанның бірнеше қаласында өтіп жатқан III ТМД елдері ойындарының кезекті жүлдегерлері анықталды. Айтулы додада Астана қаласының спортшысы Айғаным Рысбек көркем гимнастикадан көпсайыс бойынша қола медаль иегері атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Ресей Федерациясының спортшысы Софья Ильтерякова, ал күміс медальді әзербайжандық Азада Атакишиева иеленді. Үздік үштікті Қазақстан намысын қорғаған елордалық Айғаным Рысбек түйіндеді.

Спортшының жеке бапкері – Меруерт Балғынбаева, хореографы – Сая Айдыс.

Сонымен қатар бүгін елордалық гимнастар финалда өз бақтарын сынайтын болады: доп, ұршық және таспа жаттығуларында Айғаным Рысбек, құрсау жаттығуында Линара Жайлауова өнер көрсетеді.