Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінде әскери қызметші қаза тапты

Бүгін, 16:36
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views74
Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінде әскери қызметші қаза тапты
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі Департаментінде жазатайым оқиға болып, мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 7 қазанда болды.  

«Алдын ала мәлімет бойынша, қасіреттің себебі техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамауы болып табылады.

Полиция органдары қылмыстық іс қозғады, қосымша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.