«Үздік жедел уәкіл» байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін, 09:49
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views86
«Үздік жедел уәкіл» байқауының жеңімпаздары анықталды
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігінде «Үздік жедел уәкіл» республикалық байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Аталған шараға еліміздің барлық өңірінен жедел бөліністердің қызметкерлері қатысты.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар заңнамалық білімін тексеретін тест тапсырып, дене дайындығы мен атыс шеберлігін көрсетті. Әрбір қатысушы жедел уәкілдің тек ақылды ғана емес, сонымен қатар төзімді, батыл әрі дәл болуы керектігін дәлелдеді.

Жарыс нәтижелері бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1-орын – Ақтөбе облысы Байғанин ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция тобының аға жедел уәкілі Ырзалы Сағынғалиев. Жоғары кәсіби деңгейі оны осы жылдың үздігі етті.

2-орын – Ақмола облысы Атбасар аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Ғалымжан Мархабат. Өз бөлінісінің ең үміт күттіретін әрі дайындығы жоғары қызметкерлерінің бірі.

3-орын – Астана қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Рүстем Әкімжанов. Жылдам реакциясы, терең білімі және мергендігімен ерекшеленді.

Мұндай байқаулар жеке құрамды ынталандырып қана қоймай, қызмет сапасын арттыруға да ықпал етеді.