Қазақстандықтар қаржылық сауаттылық бойынша тест тапсырып, арнайы сыйлықтарға ие бола алады

Бүгін, 15:32
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views40
Қазақстандықтар қаржылық сауаттылық бойынша тест тапсырып, арнайы сыйлықтарға ие бола алады
Фото: Оңалхан Өнерхан

10-20 қазан аралығында Қаржылық мониторинг агенттігі «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» тұжырымдамаларын іске асыру аясында, «Аманат» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы мен «Халық Банкі» АҚ-ның қолдауымен республикалық қаржылық қауіпсіздік диктантын өткізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Диктанттың басты мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақпараттандыру және қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Диктант онлайн-тестілеу форматында өтеді. Тапсырмалар қиындық деңгейлері бойынша бөлінеді. Бұл тәсіл мектеп оқушысынан бастап зейнеткерге дейін әрбір азаматқа өз білімін тексеруге, пайдалы ақпарат алуға және алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Диктантқа кез келген адам қатыса алады – жасына немесе біліміне қарамастан. Онлайн формат қатысуды барынша ыңғайлы етеді: тестті смартфоннан, планшеттен немесе компьютерден өтуге болады.

Қатысушылар тестті шексіз рет тапсыра алады, сондай-ақ алдын ала оқу материалдарымен танысу мүмкіндігі беріледі.

Диктант аяқталған соң әрбір қатысушыға сертификат табысталады.

Ең жоғары балл жинап, ең аз уақыт ішінде аяқтаған қатысушылар іс-шараның серіктесі – «Халық Банкі» АҚ-ның арнайы сыйлықтарымен марапатталады.

«ФинIQ» республикалық диктантына қосылыңыз – қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!