«Қазақстандағы еңбек нарығы: 2025 жылдың III тоқсанының қорытындылары

Еңбек нарығы – бұл қазіргі экономикалық және әлеуметтік үрдістердің көрінісі. Тұрақсыздық пен өзгерістер уақытында болып жатқан жағдайларға тез бейімделе білу маңызды. Бұл мақалада біз 2025 жылдың III тоқсанындағы Қазақстандағы еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін қарастырамыз: жұмыс берушілердің белсенділігі, жалақы деңгейінің динамикасы, жұмыс іздеушілердің белсенділігі және бәсекелестік деңгейі, деп хабарлады Elordainfo.kz HeadHunter сайтына сілтеме жасап.
2025 жылдың тоқсанында hh.kz платформасында 145 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға аз. Қазақстандағы еңбек нарығында жұмыс берушілердің белсенділігі аздап төмендегенімен, бос жұмыс орындарының жалпы саны жоғары деңгейде қалып отыр.
Бұл мамандарға деген тұрақты сұраныстың бар екенін көрсетеді. 2025 жылдың III тоқсанында hh.kz платформасында ең көп бос жұмыс орындары Алматы қаласында жарияланды – барлық қалалар арасындағы үлесі 40,1 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,8 пайызға төмендеген. Көп белсенділік Астана (22,1 пайыз, өсім 2,3 пайыз) және Қарағанды (5,2 пайыз – 1,6 пайыз) қалаларында да сақталуда. Бұл қалалар елдің еңбек нарығындағы негізгі бос жұмыс орындарының көлемін қалыптастырады. Оң динамика бірқатар өңірлік орталықтарда байқалды: Шымкент (4,7 пайыз өсім 4,1 пайыз), Қостанай (3,2 пайыз, өім 5,4 пайыз), Петропавл (1,5 пайыз, өсім 7,7 пайыз), Көкшетау (1,4 пайыз, өсім 11,3 пайыз) және Тараз (1,1 пайыз, өсім 3,4 пайыз). Бұл өңірлік іскерлік белсенділіктің біртіндеп кеңеюіне және мегаполистерден тыс жерде ұсыныстар санының өсуін дәлелдейді.
Сонымен бірге, жұмыс орындарының саны Ақтөбе (-10,6 пайыз), Атырау (-8,1 пайыз), Ақтау (-8,5 пайыз) және Орал (-7,5 пайыз) қалаларында қысқарып отыр. Бұл маусымдық жобалардың аяқталуы мен ресурстарға тәуелді салалардағы сұраныстың төмендеуімен байланысты болуы мүмкін. Жалпы биыл III тоқсанда еліміздегі жұмыс берушілердің белсенділігі ірі қалалаларда біршама төмендесе де, өңірлік ұсыныстардың өсуі байқалады. Бұл ел бойынша іскерлік динамиканың біртіндеп теңесіп келе жатқанын көрсетеді. Биыл III тоқсанда hh.kz платформасында ең көп бос жұмыс орындары сатылым және клиенттерге қызмет көрсету саласында орналастырылды – жалпы санының 12,2 пайызы, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4 пайызға азайды. Сондай-ақ маркетинг, жарнама, PR бағыттары жоғары үлестерін сақатп тұр.
Оң динамика көрсеткен салалардың қатарында өндіріс, сервистік қызмет крөсету (5,3 пайыз, өсім 5,9), құрылыс және жылжымайтын мүлік (5,6 пайыз, өсім 2,5 пайыз), туризм, қонақ үйлер, ресторандар (4,8 пайыз, өсім 4,2 пайыз) сондай-ақ қаржы, бухгалтерия (4,8 пайыз, өсім 2,5 пайыз) секторы ерекше көзге түсіп тұр. Ақпараттық технлоогиялар саласындағы өсім 9 пайызды құрады, бұл ай-ти мамандарға деген тұрақты сұраныстың барын растайды. Ең жоғары өсім қарқынымен ерекшеленетін бағыттар қатарында жоғары және орта менеджмент , өнер, ойын-сауық, масс-медиа , шикізат өндіру, сақтандыру секторы бар.
Жұмыс орындары үшін бәсекелестік өңірлер мен салалардың көбінде төмендеді. Ал қауіпсіздік, үй қызметкерлері, өнер, ойын-сауық салаларында бәсекелестік деңгейі жоғары болып тұр.



