«20 қазаннан бастап»: шетелден автокөлік сатып әкелуге тыйым салына ма

20 қазаннан бастап елімізде көлік құралдарын шетелден әкелуге қатысты жаңа талаптар күшіне енеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған қатысты Мәжілісте Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхаммед Андаков түсініктеме берді. Оның айтуынша, 23 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстан Республикасының аумағына автокөлік құралдарын әкелу тәртібін нақтылайтын ЕЭК-тің 74 актісіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.
«Осы өзгерістерге сәйкес жеке тұлғалар енді жеңіл автокөлікке жатпайтын арнайы техниканы елге әкеле алмайды. Енді Қазақстанға автоөкліктер мен арнайы техниканы тек заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ғана әкеле алады. Олар бұл үшін Еуразиялық экономикалық одапқтың қауіпсіздік сертификатын алуы тиіс», - деді орынбасар.
Оның айтуынша, бұл шектеу тек арнайы техника мен автобустарға ғана қатысты болады.



