«Несие рәсімдеуге көмектесемін»: астаналықтарды алдаған алаяқ әйел ұсталды

Бүгін, 16:29
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views64
«Несие рәсімдеуге көмектесемін»: астаналықтарды алдаған алаяқ әйел ұсталды
Фото: freepik.com

Астанада полицейлер тиімді несие рәсімдеуге көмектесемін деп бірнеше адамнан ірі көлемде ақша жымқырған әйелді ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Тергеу мәліметіне сүйенсек, күдікті бірнеше адамның сеніміне кіріп, мемлекеттік қолдау бағдарламасы аясында несие әперемін деп сендірген. Сол мақсатта алдын ала төлем түрінде ақша жинап отырған. Алайда несие де, уәде етілген қызмет те көрсетілмеген.

«Жымқырған қаражаттың жалпы сомасы 13 млн теңгені құрайды.Азаматтардың сенімін арттыру үшін күдікті жалған кеңсе жалдап, өзін «банктегі сенімді менеджерлермен жұмыс істейтін делдал» ретінде таныстырған. Тіпті кейбіріне жалған қызметтік куәлік те көрсеткен», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады.