«Мықтылар турнирі»: Астанада семсерлесуден халықаралық жарыс өтеді

Бүгін, 09:12
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views61
«Мықтылар турнирі»: Астанада семсерлесуден халықаралық жарыс өтеді
Фото: olympic.kz

11-12 қазан аралығында Астанада семсерлесуден «Мықтылар турнирі» атты халықаралық жарыс өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарыс барысында ерлер мен әйелдер арасында жүлделер сарапқа салынады. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Гонконг және Қырғызстанның үздік семсерлесушілері қатысады.

Қазақстанның әр өңірінен семсерлесу спортының үздіктері, сондай-ақ ұлттық чемпиондар мен халықаралық турнирлердің жүлдегерлері, шетелдік спортшылар да арнайы шақырту алған.

Айта кетейік, турнир Назарбаев Университетінің Атлетикалық кешенінде өтеді.