Мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп науқастардан ақша алған дәрігер сотталды

6 науқасқа мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен клиника дәрігеріне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Алаяқ-дәрігер өзінің қызметін жұмыс орнында ұсынған, алайда шын мәнінде мұндай көмек көрсетуге құқығы болмаған. Алдап алған 4 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын ол жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
«Прокурор ұсынған дәлелдемелермен айыпталушының кінәсі толық дәлелденді, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығын ескере отырып ол бас бостандығынан айыру жазасына сотталды», - делінген хабарламада.
Материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.
Қала прокуратурасы әлеуметтік қызметтерді алу үшін тек уәкілетті органдарға ресми өтінішпен жүгіну қажет екендігін назарға салады.



