Қазақстандықтар Катарда ресми түрде жұмысқа орналаса алады

Фото: Pixabay.com
Сенат Катар мемлекетіне қазақстандық жұмыскерлерді жұмысқа орналастыруды реттеу туралы екі ел арасындағы келісімді ратификациялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Құжат қазақстандықтарды Катарда ресми жұмысқа орналастыру үшін құқықтық негіз жасайды және тараптардың өзара міндеттемелерін көздейді.
Катардағы жұмыс беруші жұмысшының жол жүру, Отанына оралу шығындарын өз мойнына алады, сонымен қатар оларды тұрғын үймен, көлікпен, медициналық көмекпен және ақылы демалыспен қамтамасыз етеді.
Келісімде көрсетілгендей, бірлескен комитет осыған қатысты туындайтын мәселелермен айналысатын болады.
Ұқсас жаңалықтар

22 қыркүйек, 2025
Депутаттар Сенат отырысының күн тәртібін бекітті

26 маусым, 2025
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған шарт ратификацияланды – Дархан Қыдырәлі

26 маусым, 2025
Мыңнан астам ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықты интернетке қосылады – Бибігүл Аққожина

26 маусым, 2025
Сенат Жоғарғы Соттың судьяларын қызметінен босатты