Жасанды ерін: Ақтауда тұтынушының құқығы қалай қорғалды

Тұтынушылардың мүддесін ҚР Сауда және интеграция министрлігі Аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің мамандары Маңғыстау облысындағы тұтынушының құқығы табысты қорғады, деп хабарлады Elordainfo.kz СИМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, ақтаулық жас келіншек ерін үлкейту процедурасын жасау үшін сұлулық салонына жүгінген. Процедура алдында ол маманға бала емізу кезеңінде екенін, яғни бұл қызметті алуға медициналық тұрғыдан қарсы көрсетілім бар екенін ескерткен. Алайда косметолог бұл ескертуді елемей, инъекция жасаған. Салдарынан тұтынушыда ауырсыну, көпіршіктер және жалпы жайсыздық пайда болған.
«Жәбірленуші E-өтініш платформасы арқылы ресми түрде шағым түсірген. Департаменттің араласуымен оған 80 мың теңге көлемінде төленген сома толық қайтарылды. Бұл жағдай азаматтардың өз құқықтарын білуінің, медициналық қызметтерге мұқият қарауының және қажет болған жағдайда тиісті органдарға жүгінуінің маңыздылығын көрсетіп отыр», - делінген хабарламада.



