Қазақстандық параспортшылар боччадан 4 медаль жеңіп алды

Фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығынан
Бахрейнде өткен боччадан «World Boccia Challenger Manama 2024» турнирінде қазақстандық параспортшылар 2 күміс және 2 қола медаль еншіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарыста жекелей сында өнер көрсеткен Алмат Ерхат ВС1 классында 2-орын алса, Итиана Шыңғысханова ВС2 классында 3-орынға ие болды.
Командалық бәсекеде ВС1/2 класстары бойынша сынға түскен Итиана Шыңғысханова, Қуаныш Асқарбеков және Александр Құрмантаев 2-орын алса, жұптық бәсекеде BC4 классында Эльмира Мүсірәлиева мен Руслан Ерембаев 3-орынды еншіледі.
Айта кетсек, халықаралық турнир Манама қаласында өтті. Додаға 14 мемлекеттен 69 спортшы қатысты. Жарыста Қазақстан құрамасы сапында 10 спортшы өнер көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар

18 қыркүйек, 2025
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турниріне кімдер қатысады

18 қыркүйек, 2025
Министр садақ атудан тарихи медаль жеңіп алған спортшылармен кездесті

17 қыркүйек, 2025
Қазақстан үстел теннисінен Грузияда өтетін турнирге қатысады

17 қыркүйек, 2025
Семсерлесуден Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар анықталды