00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Қызымызды сағынамыз»: Жазира Байырбекова отбасындағы жағдай туралы айтты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Қызымызды сағынамыз»: Жазира Байырбекова отбасындағы жағдай туралы айтты

Шоу-бизнес өкілі жұмысының көптігінен бір үйде тұрып, қызын сағынып жүргенін жеткізді. Өнер иесі отбасымен бірге ас ішіп, уақыт өткізуді армандап жүрген көрінеді.

Жұмыстан үйге келгенше түнгі 1:30 болады. Таңертең ерте тұруын тұрамын ғой. Бірақ Дара біздің үйде екенімізді білсе, балабақшаға бармай қояды. Ол балабақшадан келерде үйден жұмысқа шығып кетеміз. Бізді көрсе бізбен бірге барамын деп жылайды. Осылай бір үйде тұрып қызымызды сағынып жүрміз. Жұмыстың жүргені жақсы ғой. Бірақ қиыны осы. Отбасыңмен отырып таңғы ас, кешкі асты бірге ішу, кешке уақытылы жатып кішкентайларыңа ертегі айтып беріп құшақтасып ұйықтауды армандап жүресің, - деп жазды әнші.