ТЖМ Алматы маңындағы жер сілкінісі туралы жаңа мәліметті жариялады
26 қараша, 2024
Фото: Elordainfo.kz
25 қарашада түнде Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелген болатын. Жер сілкінісі Алматы, Жетісу облыстарындағы бірнеше ауылда сезілді, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ-ға сілтеме жасап.
ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 25 қарашада Астана уақыты бойынша 23 сағат 42 минут 15 секундта Жетісу облысында жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің координаттары: 44.280 с.е. 79.740 ш.б. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан.
Есептік қарқындылық (балмен):
Алматы 2 балл,
Жаркент қаласы 4 балл,
Шонжы ауылы 3 балл,
Текелі 3 балл,
Қырғызсай ауылы 2 балл,
Қарабұлақ кенті 2 балл,
Жансүгіров ауылы 2 балл,
Көкпек ауылы 2 балл,
Сарқант қаласы 2 балл,
Талдықорған қаласы 2 балл.
Ұқсас жаңалықтар
16 қыркүйек, 2026
Shin-Line Group пен Кореяның Foodpolis институты Қазақстанда алғашқы азық-түлік кластерін құрады
16 қыркүйек, 2026
1 қазаннан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қаржыландыруға өтінім бере алады
15 қыркүйек, 2026
Тамыз айында елімізде 166 мыңнан астам автокөлік есепке қойылды
15 қыркүйек, 2026
Ресейден құжатсыз әкелінген 252 мың тауық жұмыртқасы кері қайтарылды