Астанада Атырау облысының креативті жәрмеңкесі өтеді

Астанада Атырау облысының креативті жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 19-20 қыркүйек күндері Атырау облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара Креативті индустрияларды дамыту қорының Creative Aimaq жобасы аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңке Qazaq Creative Hub алаңында өтіп, онда өңірдің шығармашылық индустрия саласындағы жобалары мен авторлық туындылары таныстырылады.

Іс-шара барысында келушілер ұлттық қолөнер бұйымдары мен заманауи дизайн үлгілерін, авторлық жұмыстарды, зергерлік бұйымдарды және атыраулық дизайнерлердің сән топтамаларын тамашалай алады. Сондай-ақ креативті индустрия бағытындағы жаңа жобалар таныстырылады.

Жәрмеңкеге қатысушылар өздеріне ұнаған өнімдерді сатып алып, олардың авторларымен тікелей танысып, шығармашылық жобалар туралы ақпарат ала алады.

Бұдан бөлек, 18 қыркүйекте Атырау облысының өнерпаздары Астанада ашық аспан астында концерттік бағдарлама ұсынады. Жанды музыка кеші Атырау көпірінің сол жағалауында сағат 19:00-де басталады.

Іс-шаралардың өтетін орындары:

• 18 қыркүйек, сағат 19:00 – Атырау көпірінің сол жағалауы;

• 19-20 қыркүйек – Qazaq Creative Hub, Жошы хан көшесі, 16/2.

Еске сала кетсек, Астанада Қызылорда облысының креаторлары 12,1 млн теңгенің өнімін сатты.