Денсаулық сақтау министрлігі пациенттерге қатысты жаңа цифрлық сервисті іске қосты
Денсаулық сақтау министрлігі стационарларда пациенттермен коммуникацияны ыңғайлы етуге бағытталған жаңа цифрлық сервисті енгізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында азамат сенім білдіре алатын үш жақыны не танысының байланыс нөмірін алдын ала белгілеп қоюына болады. Оларға пациент ауруханаға түсіп, жақындарымен өз бетінше байланыса алмаған жағдайда тиісті хабарлама алады.
Сервисті қосу үшін eGov порталынан «Емдеуге жатқызылған жағдайда хабардар ету үшін сенім білдірілген контактілерді тіркеу» қызметін таңдап, сенім білдірілген адамның ЖСН-ын көрсету қажет.
Сенім білдірілген контакт 18 жастан асқан және Мобильдік азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс.
eGov Mobile қосымшасында сервис мына бөлімде қолжетімді: «Мемлекеттік қызметтер» → «Денсаулық сақтау».
Сервис тегін және шұғыл түрде емдеуге жатқызылған жағдайда кімге хабарлау қажеттігін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.
Еске салсақ, мемлекет құны 4,3 мың теңгеден төмен дәріні баға реттеу жүйесінен шығарды.