Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен бүгін Жезқазған қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды. Бүгіннен бастап, облыс орталығын Мұрат Ерболатұлы Бөрібаев басқарады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұрат Бөрібаев 1991 жылы дүниеге келген.

Металлургия, экономика және бизнес бакалавры, мемлекеттік Менеджмент магистрі. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС филиалы «Қарағандытүстімет» ӨБ «Нұрқазған» байыту фабрикасы бас корпусының үшінші разрядты флотаторы болып бастады.
2011-2012 жылдары – «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «Қарағандытүстімет» ӨБ филиалының «Нұрқазған» байыту фабрикасы жетекшілігінің әкімшілік бас корпусында іс жүргізуші;

«Қазақмыс» корпорациясы ЖШС филиалы «Қарағандытүстімет» ӨБ «Нұрқазған» байыту фабрикасы бас корпусы бақылау цехының шебері;
2012-2013 жылдары – «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «Қарағандытүстімет» филиалы Нұрқазған байыту фабрикасы бас корпусы цехының бастығы;
2013-2014 жылдары – «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «Шығыстүстімет» ӨБ Орлов кеніші БФ бас инженері;
2014-2015 жылдары – «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «ЖТМ» ӨБ №1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикасы № 2 бас корпусы цехының бастығы;
2015-2017 жылдары – «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «ҚТМ» филиалы Нұрқазған байыту фабрикасының директоры;
2017-2024 жылдары «Жезқазғантүстімет» ӨБ № 1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикасының директоры;
Тағайындауға дейін Сәтбаев қаласының әкімі болды.
Ал Жезқазған қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Шайжанов әлеуметтік желіде қала тұрғындарына алғысын білдірді.
«Осы уақыт ішінде талай мәселені бірге көтердік, талай бастаманы бірге жүзеге асырдық. Әрбір кездесудің, әрбір ұсыныс пен пікірдің мен үшін өз орны бар. Қолдаған жерлеріңізде қанаттанып, сынаған жерлеріңізде шыңдала түстім.
Маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткен барша Жезқазғандықтарға шын жүректен алғыс айтамын. Қуанышты сәттерде бірге қуанып, қиындықта бірге шешім іздеген күндер жадымда мәңгі сақталады.
Мен үшін Жезқазған – жай ғана қызмет атқарған қала емес. Бұл – тағдырыммен, еңбегіммен, естеліктеріммен байланысқан туған жер.
Қызмет аяқталғанымен, Жезқазғанға деген жанашырлығым мен ақ тілегім ешқашан аяқталмайды.
Қаламыздың дамуы жалғасын тауып, әр шаңырақта береке мен тыныштық орнасын! Жезқазғанның болашағы жарқын болсын», - деп жазды Қайрат Шайжанов.