Астанадағы мектепте кітап оқуға арналған арнайы орындар ашылды

Бүгін, 09:55
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанадағы мектепте кітап оқуға арналған арнайы орындар ашылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында елордадағы №117 жалпы білім беретін мектепте оқушылар мен педагогтердің кітап оқуға қызығушылығын арттыруға, оқу мәдениетін қалыптастыруға және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған арнайы кеңістіктер ашылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мектептің екінші қабатында оқушылар мен мұғалімдерге арналған «12 ай – 12 кітап» және «Кітап оқитын ұрпақ – ел болашағы» атты кітап бұрыштары ашылды. Бұдан бөлек, екінші, үшінші және төртінші қабаттардағы коворкинг-аймақтарда еркін әрі жайлы жағдайда кітап оқу үшін қолайлы орта жасалды.

Мұндай кеңістіктерді ашу – мектепте оқу мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Қолайлы орта оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың дүниетанымын кеңейтуге, шығармашылық қабілеті мен зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал етеді.