Астаналық тоғызқұмалақшылар ел чемпионатында топ жарды

17 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық тоғызқұмалақшылар ел чемпионатында топ жарды
Фото: Астана қаласы Тоғызқұмалақ федерациясы

10-17 қыркүйек күндері Ақтау қаласында тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы Тоғызқұмалақ федерациясына сілтеме жасап. 

Зияткерлік додаға еліміздің 11 облысы және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 150-ге жуық спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының ерлер командасы блиц түріндегі жарыста чемпион атанды. Елорда спортшылары тартысты бәсекеде жоғары шеберлік танытып, командалық есепте көш бастады.

Астана командасының құрамында Зкрияев Биғали, Махмұтжан Әзімхан, Нұржан Бибатыр, Боранбай Ернұрсұлтан, Мұхаметжан Ілияс және Исатай Ақиқат өнер көрсетті.