Астанада ұлттық ат спорты түрлері клубы ашылды

Астанада ұлттық ат спорты түрлері клубы ашылды
Фото: Астана қаланың әкімдігі

Астанада човган және ат поло бағыттарын біріктіретін «Astana Polo & Chovken club» ұлттық ат спорты клубы жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Клуб 2024 жылдан бері халықаралық турнирлерге қатысып, Қазақстанды халықаралық спорт аренасында таныстырып келеді. Клубтың жетекшісі – ат-спорт бағыттының еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Хасенов.

Клубтың қызметі ат спортын дамытуға және кеңінен насихаттауға, ұлттық дәстүрді сақтауға, сондай-ақ елорда тұрғындарының ұлттық ат спорты түрлеріне қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Клуб аясында жаттығулар мен спорт іс-шаралары өткізіліп, шабандоздардың шеберлігін жетілдіруге және спортшыларды жарыстарға дайындауға жағдай жасалып жатыр.

Клубтың ашылуы елордадағы ат спорты мәдениетін одан әрі дамытуға және ұлттық ат спорты түрлерін кеңінен танымал етуге мүмкіндік береді.