Қазақстанның шикізаттық емес экспорты өсіп келеді
Биыл қаңтар мен шілде аралығында шикізаттық емес тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға өсіп, 52,2 млрд долларға жетті. Шикізаттық емес экспорт көлемі 19,5%-ға артып, 18,6 млрд доллар болды. Жалпы экспорт құрылымындағы шикізаттық емес тауарлардың үлесі 36,5%-дан асты. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәлихатында Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков осылай мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, шкізаттық емес экспорттың негізгі бөлігін машина жасау, химия, тамақ және металлургия өнеркәсібі өнімдері. Әсіресе металлургия саласында айтарлықтай өсім байқалады. Тазартылған мыс пен катодтар экспорты 49%-ға өсіп, 3,38 млрд долларға жетті.
«Қазақстанның шикізаттық емес экспортының негізгі нарықтары қатарында Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан елдері бар. Сонымен қатар шикізаттық емес экспорттың жетекші бағыттарының қатарына Ұлыбританияға, Тәжікстан және Франция елдері кіреді», - деді Айдар Әбілдабеков.
Еске салсақ, елімізде көлеңкелі экономика үлесі 15,69 пайызға дейін төмендеді.