Президент Кореядағы Қазақстан азаматтарымен кездесті

16 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президент Кореядағы Қазақстан азаматтарымен кездесті
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Кореяда оқып жатқан және еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен емен-жарқын әңгімелесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент отандастарымызбен жүздесуде елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тоқталды.

Кореядағы қазақстандықтар оқуда, қызметте қол жеткізген табыстарын тілге тиек етіп, мақсат-межелерін айтып өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда тұратын Қазақстан азаматтары мен студенттерге сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулдегі қазақ этноауылына барды.