Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағында өрт шықты

Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағында өрт шықты
Фото: ТЖМ

Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап. 

Комитеттің мәліметінше, 14 қыркүйекте сағат 11:58-де Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы аумағында, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен шекаралас жерде қураған шөп өртенген. Кейін өрттің Баянауыл ұлттық табиғи паркі аумағына өткендігі туралы ақпарат келіп түсті.

Өрт анықталған сәттен бастап оны сөндіруге 71 адам және 31 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар өртті сөндіру жұмысына «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің су төгетін құрылғымен жабдықталған Ми-8 тікұшағы тартылды.

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау, сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу бойынша жұмыс жалғасуда.

Өрт қаупінің сыныбы — V (өте жоғары) болғанына қарамастан жағдай тұрақты бақылауға алынған.

Еске салсақ, Астанадағы коттедж өртеніп, 225 шаршы метр аумақты жалын шарпыды.