Астанада коттедждегі 225 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді

Астанада коттедждегі 225 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді
Фото: ТЖМ

Астананың "Нұра" ауданындағы Имантау көшесінде орналасқан екі қабатты коттедждегі өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт 225 шаршы метр аумақты шарпыған.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Астанада екі қабатты коттедждің шатыры өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз. 

Еске сала кетсек, елордалық ТЖД тұрғын үйді жылыту кезінде өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырған болатын.