Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Түркияның SunExpress әуе компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
SunExpress әуе компаниясы Измир – Астана жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері Boeing 737 әуе кемесімен орындалады.
Сонымен қатар, 25 қазаннан бастап әуе компаниясы Алматы – Измир қолданыстағы бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттырады.

Еске салсақ, Air Astana әуе компаниясы 1 қазаннан бастап Дубаймен әуе қатынасын қалпына келтіреді.