Семейде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар
Семейде автобус пен JETOUR X70 көлігі соқтығысып, адамдар зардап шекті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Абай облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, бүгін сағат 13:10 шамасында Семейдегі Қаржаубайұлы – Энергетик көшелерінің қиылысында маршруттық автобус пен JETOUR X70 автокөлігінің қатысуымен жол апаты болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, автобустың 50 жастағы жүргізушісі солға бұрылу кезінде көлікті басқара алмай, жолда тұрған JETOUR X70 автокөлігіне соғылған.

«Жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар. Қазіргі уақытта оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері жұмыс істеуде. Жол қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Аталған жол апатына қатысты тексеру жүргізіліп, оның барлық мән-жайы анықталуда. Тексеру нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.
Еске салсақ, республикалық маңызы бар автожолда ірі қара мал жүк көлігімен соқтығысқанын жаздық.