00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазір Қазақстанда қанша шетелдіктің жұмыс істеп жүргені белгілі болды

26 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Қазір Қазақстанда қанша шетелдіктің жұмыс істеп жүргені белгілі болды
фото: ҚР ЕХӘҚМ

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 246 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл туралы Elordainfo.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, шетелдік жұмыс күшін тартуға келесі санаттарға рұқсат беріледі: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 543 (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 514 (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 859 және 917 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 120 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 293 адам тартылды.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 789 жұмыс беруші бар. Оларда 389,8 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,8% құрайды», деді министрліктің баспасөз қызметі.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 155 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 387 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 363 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 359 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 168 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 664 адам, Өзбекстан – 1 230 адам, Түркия – 1 150 адам, Үндістан – 1 108 адам.

«Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 17,2 мың бірлік мөлшерінде белгіленді», делінген хабарламада.