00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мәслихат депутаттары Байқоңыр ауданының өзекті мәселелерімен танысты

Бүгін, 11:25
Торғын Аман Торғын Аман
Мәслихат депутаттары Байқоңыр ауданының өзекті мәселелерімен танысты
Фото: Ерлан Каналимов/іnstagram

Астана қаласы Мәслихатының депутаттары Байқоңыр ауданында көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Депутаттық корпус елордамыздың алты аудан басшылығымен кездесулерді бастап, әр ауданның шағын аудандары мен тұрғын алаптарындағы өзекті мәселелерін анықтайды. Байқоңыр ауданында алғашқы көшпелі отырыс өткізіп, жергілікті жағдаймен таныстық. Аудан аумағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде», - деп жазды АСтана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мәслихат төрағасының айтуынша, су басу қаупі бар аумақтар жойылып, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету үшін 28 арнайы техника сатып алынды. Жергілікті суару жүйесі орнатылып, апатты және ескі үйлерді бұзу жұмыстары жүзеге асуда.

«Сонымен қатар, ауданның кейбір мәселелері жүйелі сипатқа ие. Олардың ішінде: электрмен жабдықтау, әлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша жобалардың қымбаттауы, саяжайлар, заңсыз қоқыс алаңдары және басқа да мәселелер бар. Барлық өзекті мәселелер депутаттық корпус және партиялық бақылауға алынады. Кездесу қорытындысы бойынша, әрбір мәселе бойынша жағдайды түзету үшін егжей-тегжейлі талдау мен ұсыныстар дайындауды тапсырамыз», - деді мәслихат төрағасы.