00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық оқушы аниме сюжеттері арқылы математиканы үйретудің ерекше жолын ойлап тапты

26 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астаналық оқушы аниме сюжеттері арқылы математиканы үйретудің ерекше жолын ойлап тапты
фото: bilimastana/ Instagram

Астанадағы Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназияның 10 в сынып оқушысы Нұрмахан Аружан математика мен өнерді біріктіре отырып, «Математиканың қолданысын аниме сюжеттері арқылы түсіндіру» тақырыбында ерекше практикалық тапсырмалар жинағын әзірледі. Бұл туралы Elordainfo.kz қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

«Мен анимедегі әрбір эпизодтың астарында геометрия, ықтималдық немесе алгебра сияқты ұғымдар жатқанын байқадым. Осыдан кейін аниме сюжеттері арқылы математикалық тұжырымдамаларды түсіндіру идеясы пайда болды», – дейді жас математик.

Оқушының жинағы түрлі есептер мен визуализацияларды қамтиды. Мысалы, кейбір тапсырмаларда анимедегі кейіпкерлерге байланысты қызықты есептер бар.

Мектеп ұстаздары бұл еңбектің заманауи білім беру үрдісінде инновациялық тәсіл екенін атап өтті.

«Аружанның бұл жобасы математика пәніне қызығушылықты арттырып қана қоймай, оқушыларға шығармашылық тұрғыдан ойлануға жол ашады», – дейді математика пәнінің мұғалімі Асқарбек Шойбасов.