Header Banner

Елімізде оқушылардың ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтуде

Бүгін, 16:37
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елімізде оқушылардың ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтуде
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Еліміздің өңірлерінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтіп жатыр. Қатысушылар 19 секция бойынша 9 мыңға жуық жоба ұсынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Оқушылар жобаларын ашық көрме форматында қорғайды. Олар зерттеу нәтижелерін арнайы стендтерде таныстырып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап береді. Бірінші турда жүлделі орын алған оқушылар екінші турда бейіндік пәндер бойынша тест тапсырады.

«Конкурс оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыруға және жас зерттеушілерді қолдауға бағытталған. 2026-2027 оқу жылында конкурсқа 28 913 оқушы 24 317 жобамен тіркелді», - деп хабарлады ведомство.

Республикалық финалда жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша үздік деп танылған жобалардың авторлары АҚШ-та өтетін Regeneron ISEF 2027 халықаралық ғылыми және инженерлік жобалар көрмесіне қатысатын болады.

Еске салсақ, еліміздің әр өңірінде балаларға арналған қауіпсіздік сабақтары өтіп жатыр.