Header Banner

Қазақстандық 11 шорт-трекші әлем кубогының кезеңіне қатысады

Бүгін, 16:13
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстандық 11 шорт-трекші әлем кубогының кезеңіне қатысады
Фото: ҰОК

27-29 қараша аралығында Қытайдың Шанхай қаласында шорт-тректен әлем кубогының төртінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Халықаралық додада Қазақстан намысын 11 спортшы қорғайды.

Ерлер: Глеб Ивченко, Богдан Вехов, Айбек Насен, Айбек Темірхан, Тамирлан Жолдас, Әділ Ғалиахметов.

Әйелдер: Алина Әжіғалиева, Анастасия Галечина, Зейнеп Құмарқан, Гүлдана Жалмұқан, Полина Омельчук.

Шанхайдағы жарыстан кейін қазақстандық шорт-трекшілер Бейжіңге жол тартады. Онда 4-6 желтоқсан аралығында әлем кубогының бесінші кезеңі өтеді.

Еске салсақ, Алан Құрманғалиев үстел теннисінен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.