Header Banner

Биатлоннан әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар белгілі болды

Бүгін, 14:32
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Биатлоннан әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар белгілі болды
Фото: olympic.kz

2026-2027 жылғы маусымда биатлоннан әлем кубогының алғашқы кезеңі 26-29 қараша аралығында Финляндияның Контиолахти қаласында өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.

Алдағы жарыста Қазақстан намысын сегіз спортшы қорғайды.

Ерлер:

- Александр Мухин

- Владислав Киреев

- Әсет Дүйсенов

- Кирилл Бауэр.

Әйелдер:

- Милана Генева

- Лаура Киныбаева

- Айша Ракишева

- Дарья Климина.

Әлем кубогының алғашқы кезеңінде ерлер 20 шақырым, әйелдер 15 шақырым қашықтықта жекелей жарысқа қатысады. Сонымен қатар спринт, аралас эстафета және жекелей аралас эстафета сайыстары өтеді.

Еске салсақ, Үкіметте Қазақстандағы велоспортты дамыту мәселелері талқыланды.