Header Banner

Атырауда мұнай компаниясына 3 миллиард теңге айыппұл салынды

Бүгін, 14:14
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Атырауда мұнай компаниясына 3 миллиард теңге айыппұл салынды
Фото: Magnific.соm

Атыраудағы мұнай компаниясына экологиялық заңбұзушылық үшін 3 миллиард теңгеден аса айыппұл салынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап. 

Атырау облысы прокуратурасының хабарлауынша, заңбұзушылық табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын тексеру барысында анықталды. «ЖАН и КС» компаниясы ұңғымаларды бұрғылау кезінде бұрғылау шламы мен пайдаланылған бұрғылау ерітіндісін заңсыз жинақтаған.

Осы үшін кәсіпорын ӘҚБтК-нің 328-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компания айыппұлға сот тәртібімен шағымданбақ болды, алайда оның шағымдары қанағаттандырылмады. Қаулы заңды күшіне енді.

Қаулы күшіне енгеннен кейін айыппұл мәжбүрлі түрде өндіріле бастады. Бүгінгі таңда сот орындаушылары Атырау бюджетіне 490 миллион теңгеден аса қаражат аударды. Қалған соманы өндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Сонымен қатар, экологиялық айыппұлдарды бөлу тәртібі де өзгерді. Бұрын мұндай түсімдер республикалық бюджетке жіберілетін болса, енді бұл қаражат өңірлік бюджетте қалады.