Header Banner

Дзюдошылар кадеттер арасында Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп алды

Бүгін, 15:38
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Дзюдошылар кадеттер арасында Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Ташкентте (Өзбекстан) кадеттер арасында дзюдодан Гран-при кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.

Аталған бәсекеде ұлттық құрама спортшылары бес медаль иеленді.

Әдия Жанахмет 40 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмей алтын медаль жеңіп алды.

Ернат Кеңесбек (55 келіге дейін) және Аслан Ерғалиев (60 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.

Ал Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) және Ерік Үсенов (66 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Еске сала кетейік, биатлоннан әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар белгілі болды.