00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мақпал Жүнісова желіде анасына әсерлі жазба арнады

Мақпал Жүнісова желіде анасына әсерлі жазба арнады
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Танымал әнші Мақпал Жүнісова желіде анасын туған күнімен құттықтап, оған жүрекжарды тілегін жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мақпал Жүнісова Instagram парақшасында әсерлі жазба арнап, анасын туған күнімен ерекше құттықтады.

Өнер иесі 12 перзентті дүниеге әкелген анасына деген махаббатын жеткізіп, оған әлі күнге дейін бала секілді еркелеп жүргенін айтты.

«Аллаға мың шүкірлер, бүгін ардақты анамыздың туған күні. Өмірге 12 құрсақ әкелген батыр анамызға бас иеміз. Қазір немере, шөберелер сүйіп отыр. Алла қолдап жүзге жеткеніңізді армандаймыз. Бізге тілеу тілеп, еш жамандыққа қимайтын аналарымыз төрімізде отырсын. Әлі де бала болып, еркелеп жүрміз. Аман болыңыз, анашым», - деп жазды әнші.

Құттықтаулар легін желі қолданушылары жалғастырып кетті.