Фариза Төреәлі баласын алғаш рет көпшілікке көрсетті

Бүгін, 13:54
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views50
Фариза Төреәлі баласын алғаш рет көпшілікке көрсетті
Фото: Instagram/farizatoreali

Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі алғаш рет сәбиін көпшілікке көрсетті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Алланың ең қымбат сыйы – көзіміздің нұры, Дара қызымыз. Сен дүниеге келген сәтте біздің өміріміздің жаңа парағы ашылды. Сенің кішкентай алақаныңды ұстаған сәттен бастап, әкең екеумізді үлкен жауапкершілік сезімі биледі – «қызымызға тек сөзбен емес, іспен де үлгі болуымыз керек». Армандарымнан бас тартпай, өзімді жоғалтпай, бастаған ісімді соңына жеткізу. Өйткені қыз баланың ең алғашқы мектебі – анасының өмірі. Қыз – анасының жүрісінен де, сөзінен де, ісінен де тәлім алады. Сол ой маған қалам алғызды. Сол ниет мені қайтадан арманға жетеледі. Ішімде жылдар бойы сақталып, жарыққа шығуды күткен сырларымды, дұғаларымды, ойларымды қағазға түсіруге себепкер болды. Бұл кітап – сенің дүниеге келгеннен кейін туған шабыттың жемісі. Туындым - анаңның жүрегінен төгілген сыр, әйелдің нәзік болмысына арналған үн, қыздарға мұра болып қалатын еңбек», - деді ол.


Сондай-ақ ол әрбір сәби сүйгісі келіп жүрген жандарға саналы ұрпақ нәсіп етуін тіледі.

«Әрбір нәзік жандының жүрегін жылытатын, қажет кезде дем беретін, шын болмысын еске салатын, құндылығын ұғындыратын құрбысындай болса екен деймін. Тек ата-анаңмен мақтап тұтып, саған лайықты түрде тәлім-тәрбие бере алсақ екен. Ең алғашқы презентацияны Дарам жасаса екен деген ниетпен түсірілген видео еді. Дарамызбен енді жақынырақ таныс болып жатырсыздар. Аллаһым әрбір сәби сүйгісі келіп жүрген жандарға салихалы, дені сау, саналы ұрпақ нәсіп етсін деп тілеймін!», - деді Фариза Төреәлі.